
02.08.2019 ж. Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы У. Е. Молдаханова салық төлеушілерге "Мирлан", "Московский" нарықтарына, "Лаура", "Мирлан", "Рашид" сауда үйлеріне барып, салық заңнамасын түсіндіру бойынша мына тақырыптарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді: "2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап патент бойынша бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін бақылау-кассалық машиналарды қолданудан босату алынып тасталады", "Қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкес деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды қолдану", "Меншікке салық төлеу мерзімдері", "Жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жасау», «Жеке тұлғалардың мүлік, жер және қөлік салығы бойынша қарызын білу үшін хабарлама», «Акция «Чекті талап ет те – жүлде ұтып ал! жалғасуда», "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу!". Сонымен қатар буклеттер мен жаднамалар түрінде үлестірме материалдар берілді.
Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады.
Орал қалалық бойынша МКБ