
Өткен аптада БҚО бойынша МКД бас маманы Гүлнара Галисұлтанова Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінде және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінде 230.00 және 250.00 нысанды декларацияны толтыру бойынша тәжірибелік сабақ өткізді.
Естеріңізге сала кетейік, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің міндеттерінің бірі тұрғылықты жері бойынша салық органына Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде орналасқан табыстары мен оларға тиесілі мүлкі туралы декларацияны ұсыну болып табылады.
Декларация орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына 31 наурыздан кешіктірілмей табыс етіледі.
Бұдан басқа, алдағы жалпыға бірдей декларациялау аясында Департамент өкілі сынақ нұсқасын ұсыну және активтер туралы мәліметтердің өзектілігін тексеру үшін 250.00 нысанды декларацияны толтыру бойынша слайдтар мен қадамдық нұсқаулық көрсетті.
Жалпыға бірдей декларациялау қолданысқа енгізілгенге дейін "Салық есептілігін қабылдау (жеке тұлғаның 250.00 нысанындағы активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар)" сервисі тестілік болып табылады және тек қана дайындық-ақпараттық мақсаттар жүктейді.