
2019 жылдың 5 сәуірінде Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында мемлекеттік қызметкерлер күніне арналған облыстық спартакиада басталды.
Батыс Қазақстан облысының саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметкерлері қатарынан құрылған командалар келесі спорттық пәндерде: жеңіл атлетика, мини-футбол, баскетбол, волейбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, армреслинг, отбасылық эстафета және шахмат бойынша үздік атақтары үшін күресетін болады.
Осындай спорттық іс – шараларды өткізу елдің әлеуметтік саясатының басым бағыттарын іске асыруға, оның ішінде салауатты өмір салтын және ұжымда салауатты корпоративтік достықты қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, осындай іс-шаралар халық, қалың жұртшылық арасында спорттық іс-шаралар мен салауатты өмір салтының құндылықтарын насихаттаудың, сондай-ақ жекелеген спорт түрлерін одан әрі насихаттаудың тамаша тәсілі болып табылады.
Біздің әріптестерімізге спорттық іс-шараларда сәттілік тілейміз.
БҚО бойынша МКД