Жарияланған күні: 28.06.2019 19:39
Өзгертілген күні: 28.06.2019 19:42

Хадиша Букеева атындағы Облыстық қазақ драма театрының залында көркем өнерпаздар конкурсы БҚО бойынша МКД-нің құрылымдық бөлімшелері арасында өткізілді.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс органдарының қалыптасуының бес жылдығына арналған.

"Конкурсқа қатысу – беделді қазылар алқасы алдында өзі туралы және өзінің шығармашылық потенциалын білдіруге тамаша мүмкіндік" - деп атап өтті Департамент басшысы Жанболат Қиікбайұлы.

Қызметкерлер арасындағы көркемөнерпаздар байқауы бағдарламасында байқауға қатысушылардың қатысуы келесі жанрларда өткізілді:

1) халықтық;

2) вокалдық;

3) би;

4) көркем оқу;

5) юмористік.

Әділ бағалау үшін конкурсқа қатысушылардың өнерін қазылар алқасы бағалады,оның құрамына облыстық мәдениет және өнер қайраткерлері кірді.

Байқаудың қорытындысы бойынша әр жанр бойынша жанр үздік орындалғаны үшін орындар берілді.

Барлық қатысушылар көптеген жағымды эмоциялар алып, мерекелік концерттік бағдарламаны тамашалады.

Ал бас жүлде - Гран-при Бөрлі ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ұжымына берілді.

БҚО бойынша МКД