Жарияланған күні: 29.07.2019 13:21
Өзгертілген күні: 29.07.2019 13:22

26 шілдеде БҚО бойынша МКД бас маманы Данильчук Ольга облыстық "AQJAIYQ" радиосына сұхбат беріп, мемлекеттік кіріс органдарында қабылданатын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша негізгі шаралар туралы айтып берді.

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің нарықтық экономикасының дамуына қауіп төндіреді, біздің мемлекетіміздің экономикалық және ұлттық қауіпсіздігіне зиян келтіреді және біз Қазақстан Республикасының азаматтары ретінде осындай көріністерге барынша қарсы тұруға міндеттіміз.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске ерекше көңіл бөледі, сыбайлас жемқорлық аймақтары мен жұмыс учаскелерін анықтау бойынша шаралар қабылдауда.

2019 жылдың 6 айында қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта 630 түрлі тәрбиелік және білім беру сипатындағы іс-шаралар өткізілді.

Сонымен қатар, Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріндегі кеңестерде келіп түскен шағымдар мен өтініштер егжей-тегжейлі қаралады. Қызметкерлер салық, кеден, әкімшілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың өзгерістерімен үнемі танысады.

Аталған фактілер бойынша заңсыз іс-әрекеттерді Департаментінің лауазымды тұлғалары тарапынан, сондай-ақ одан әрі нығайту мақсатында сенім телефоны мен азаматтарды уақтылы өтініш фактілері бойынша қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану және мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексі нормаларын бұзу фактілері бойынша 53-82-82 "сенім телефоны" арқылы хабарласуға болады.

БҚО бойынша МКД