
Алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымын есепке алу, сәйкестендіру және бақылауды жүзеге асыру мақсатында алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен (бұдан әрі – ЕБТ) таңбалау жүргізіледі.
"Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – заң) 9-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес алкоголь өнімін ЕБТ сәйкестендіру аспаптары болмаса, сақтауға және өткізуге тыйым салынады.
ЕБТ сәйкестендіру аспаптары – ол алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіруді айқындайтын және уәкілетті органның ақпараттық ресурстарына қол жеткізе отырып, нақты уақыт режимінде уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне сәйкестендіру деректерін беруді жүзеге асыратын бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланатын аспаптар.
Заңның 1 – бабының 16) тармақшасына сәйкес сәйкестендіру - өндіріс және айналым, пайдалану саласында бір мағыналы тануды, ерекшелік қасиеттері мен белгілері бойынша ұқсас өнімнің толық сәйкестігін анықтауды қамтамасыз ететін рәсім.
Бұл ретте қолдануға рұқсат етілген аспаптардың қандай да бір тізбесін белгілеу заңда көзделмеген.
Осылайша, алкоголь өнімін көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын субъектілер ЕБТ сәйкестендіруді және ҚР ҚМ МКК және оның аумақтық бөлімшесін сәйкестендіру деректерін беруді қамтамасыз ететін сәйкестендіру құралдарды қолданады.