
Бір апта бойы бас маман Галисултанова Гүлнар Батыс Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті мен Батыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясында декларацияны толтыру бойынша тәжірибелік сабақтар өткізді.
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайларының, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайларының кірістер мен мүлікті жалпыға бірдей декларациялауға ауысуы көзделеді.
Осыған байланысты, дайындық іс-шаралары шеңберінде заңнамаға декларанттардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін түзетулер енгізілді, жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация оңтайландырылды (250.00 нысанды декларация), сондай-ақ салық салу мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер енгізілді.
Egov.kz "Электрондық үкімет" порталында салық декларациясында жеке тұлғаның мүлкі туралы мәліметтерді автоматты түрде толтыру бойынша функционал әзірленді.
Осы сервисті пайдалана отырып, азаматтар еgov.kz жеке кабинетінде активтер туралы өз мәліметтерінің өзектілігін тексеріп және декларацияның сынама нұсқасын ұсына алады.
"Жылжымайтын мүліктің, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болуы туралы мәліметтер" және "Көлік құралдарының, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болуы туралы мәліметтер" жолдарында көрсетілген мүлік туралы мәліметтермен келіспеген жағдайда БҚО бойынша МКД "Бірыңғай байланыс орталығында" 1414 телефонына осы қателер туралы хабарлауды сұрайды.
Жалпыға бірдей декларациялау қолданысқа енгізілгенге дейін "Салық есептілігін қабылдау (жеке тұлғаның 250.00 нысанындағы активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар)" сервисі тестілік болып табылады және тек қана дайындық-ақпараттық мақсаттар жүктейді.