
Магистратура:
1 жыл:
-MPA «Мемлекеттік басқару»
-EMPA «Мемлекеттік басқару» (өндірістен қол үзбей)
-MIR «Халықаралық қатынастар»
-EMBA «Іскерлік әкімшілік» (өндірістен қол үзбей)
-MRD «Өңірлік даму» (өндірістен қол үзбей)
2 жыл:
-MPP «Мемлекеттік саясат»
-ME «Экономика»
⠀
Докторантура: 3 жыл
-DPA «Мемлекеттік басқару»
-DIR «Халықаралық қатынастар»
⠀
Қажетті құжаттар тізімі:
Өтініш
Жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі
Мемлекеттік тілді меңгеру туралы QAZAQ RESMI TEST немесе QAZTEST сертификаты (В1-ден кем емес)
Шет тілін меңгергендігін растайтын сертификат
Магистратура үшін:
IELTS немесе IELTS indicator-4.0
TOEFL PBT-437
TOEFL IBT-41
APTIS-B1/4.0
Докторантура үшін:
IELTS немесе IELTS indicator 5.5
TOEFL PBT-513
TOEFL IBT-65
APTIS-B2/5.5
Ағылшын тілі оқу тілі болып табылатын шетелдік білім беру ұйымдарында дәреже иеленген үміткерлер бұл талаптан босатылады.
ҚР мемлекеттік қызметшілері үшін – қызметтік тізім, шетелдік үміткерлер үшін – кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ
Мемлекеттік органның жолдамасы;
Жазбаша жұмыстар:
-докторанттар үшін – зерттеу жұмысының жоспары
-магистранттар үшін конкурстық іріктеудің бірінші кезеңінде жазылады.
⠀
Ағылшын және қазақ тілі бойынша көрсетілген сертификаттар болмаған жағдайда үміткерлердің құжаттарды тапсыру кезінде www.apa.kz сайтында 23 наурызға дейін Pre-sessional курстарына жазылуға мүмкіндіктері бар.
⠀
Дайындық курстары Академия сайтында www.apa.kz онлайн тіркеуден өткен үміткерлер үшін ғана қолжетімді болады. Курс 3 модульді қамтиды:
Академиялық хат жазу және көпшілік алдында сөз сөйлеу
Ағылшын тілі
Ресми-іскерлік қазақ тілі
⠀
Pre-sessional курстары туралы толық ақпаратты#presessional2021 хештегі бойынша таба аласыздар.
⠀
Академияда оқудың артықшылықтары:
-лауазымдық жалақы деңгейіндегі шәкіртақы;
-шетелде тағылымдамадан өту мүмкіндігі;
-Академияда оқитындарға арналған жатақхана;
-оқу уақыты мемл.қызмет өтілі ретінде есептеледі;
-жұмыс орнының сақталуы;
⠀
Құжаттар қабылдау онлайн түрде 5 маусымға дейін жүргізіледі. Толық ақпарат www.apa.kz сайтында.