Жарияланған күні: 07.06.2016 13:23
Өзгертілген күні: 07.06.2016 13:27

        Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі         № 215 қаулысымен  «Әлеуметтік салықты есептеу және төлеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 21 маусым дағы № 683 қаулысына өзгерістер енгізілді.

         Өзгерістер негізінен жеке кәсіпкерлерге әлеуметтік салықты есептеу және төлеу туралы ережеге енгізілді.

        Жаңадан енгізілген Ереженің 3 тармағына сәйкес жұмыс беруші өзінің қарамағындағы жұмысшыға төлеген еңбекақы мөлшерінен әлеуметтік салық төлейді.

        Өз бетімен табыс табатын кәсіпкерлер әлеуметтік салықты есептегенде тапқан табысы бойынша төлейді.

       Өз бетімен табыс табатын кәсіпкерлердің табысына кәсіпкер өзі еспті мерзімдегі көрсеткен табыс мөлшерінің сомасы алынады, және ос көрсетілген табыстан «Міндетті әлеуметтік төлем төлеу» туралы Қазақстан Республикасының Заңының 15 бабының 2 тармағы бойынша төленеді.

        Осы енгізілген өзгерістер 2016 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді.

Осы өзгерістер бойынша патент, ыңғайлатылған декларация бойынша жұмыс жасайтындар және жалпы режимдегі жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлер өздеріне  әлеуметтік салық есептегенде өздері көрсеткен табыс мөлшері бойынша әлеуметтік салық есептейді.

       Жоғарыда енгізілген ереже бойынша есепті мерзімдегі әләуметтік салық мөлшері  1 айлық ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауға және 10 айлық ең төменгі жалақы мөлшерінен аспауы тиіс.

 

 

      Орал қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының

                   салық заңнамасын түсіндіру бөлімі