Жарияланған күні: 08.06.2020 17:16
Өзгертілген күні: 08.06.2020 17:20

     Қырғызстанмен шекарадағы хронометраж мемлекеттік кірістер органдары тарапынан кідіртудің жоқ екенін көрсетті.

Хронометраж барысында «Қарасу» (20-22 минут жұмсалды) және «Ақтілек автожол» (13-15 минут) АӨП-де 1 автокөлік құралының өту уақытын екі тарап: Қазақстан Республикасы мен Қызғызстан Республикасы растады.

     Автокөлік құралдарының жиналуы жеміс-көкөніс өнімдері маусымының басталуымен, ҚХР-мен сауда-саттықты жаңартумен және COVID-19-ға байланысты 5 автокөлік өткізу пунктінің жұмысын тоқтатуымен байланысты болғанын естеріңізге саламыз.

     2020 жылғы 3 маусымда «Қарасу» АӨП және «Ақтілек автожол» АӨП-де Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасы өкілдерінің жұмыс кездесуі өткізілді.

     Хронометраж екі шектес өткізу пунктінен өту кезінде ҚР-да салықтық бақылау үшін құжаттарды сканерлеу 3 минутты алатынын көрсетті, бұл екі жақты қол қойылған Хронометраж хаттамасымен расталады (қоса жалғанды).

     Сонымен бірге, «Ақтілек автожол» АӨП-де хронометраж жүргізу кезінде қырғыз дәрігерлері жүргізушілерден COVID-19-ға сынама алған, алайда тестілеу нәтижелері бермей шығарылған. Жүргізушілердің айтуы бойынша, хронометраж жүргізілгенге дейін оларды тестілеу нәтижесін күтуге мәжбүрлеген, ол өз кезегінде 30-40 минут уақыт алған. Олардың сөздерін Қырғызстан Республикасының Экономика министрінің орынбасары Эльдар Әлішеров растады (http://www.tazabek.kg/news:1623515).

     Бұдан басқа, қырғыз жағындағы қарсы жолақпен кезектен тыс өту қызметін ұсынатын «өткізіп жіберушілер» деп аталатын адамдар тобының әрекеттеріне Қырғызстан жүргізушілері наразылық білдіруде. Осы факті бойынша қырғыз тарапы өз ұстанымын білдірмеді.