Жарияланған күні: 12.11.2020 11:02
Өзгертілген күні: 12.11.2020 11:03

Құрметті ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына кандидаттар!

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңына сәйкес кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тіркеуге дейін тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кіріс органдарына салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен және нысанда, Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына кандидаттардың және оның жұбайының (зайыбының) жеке табыс салығы мен мүлік жөніндегі декларацияны дұрыс толтыруы мақсатында БҚО бойынша МКД 230.00 нысанын толтыру бойынша жадынама жібереді.