
Самара-Шымкент тас жолының бойындағы Сырым-Маштаково автокөлік бақылау пункттерінде мемлекеттік шекара арқылы өтетін азаматтар мен көліктер қозғалысының өсуі байқалады.
Батыс Қазақстан облысының Мемлекеттік кіріс департаменті жолға жұмсалатын уақытты қысқарту мақсатында алдын-ала альтернативті маршруттарды жоспарлауды және ресей-қазақстан шекарасын кесіп өту үшін көршілес жатқан бақылау пункттерін таңдауды сұрайды.
БҚО Бойынша МКД