Жарияланған күні: 09.11.2017 12:54
Өзгертілген күні: 09.11.2017 13:02

Құрметті "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінің пайдаланушылары!

        2017 жылдың 1 қазан күні электрондық шот-фактураның жаңа бланк нұсқасына ауысуына орай 2017 жылдың 2 қазан күнінен 7 қарашаға дейінгі уақыт аралығында кіру және ЭШФ жасауды бұғаттайтын қателіктер тіркелді.
        Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік Кірістер Комитеті Салық кодексінің 263 бабының 2-1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес көрсетілген қателіктерді техникалық қателіктер ретінде санады.
        Осыған орай, көрсетілген уақыт аралығында қағаз бетінде жасалған шот-фактураларды 2017 жылдың 8 қараша күнінен бастап он бес күнтізбелік күн аралығында электрондық формада жасау мүмкіндігі болады.
 
        Келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!