
Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 450 бабының 1 тармағына сәйкес ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолдану үшiн салық төлеушi арнаулы салық режимін қолданудың бірінші жылының алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірмей қолданылатын салық салу режимi туралы хабарламаны орналасқан жері бойынша салық органына ұсынуы тиіс екенін есіңізге салады.
БҚО бойынша МКД