Жарияланған күні: 13.05.2021 13:42
Өзгертілген күні: 13.05.2021 13:43

 

     «Кредиторлар талаптары тізілімінің нысандарын, оны уақытша әкімшімен және уақытша басқарушымен қалыптастыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің           2020 жылғы 5 мамырдағы № 456 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) 2021 жылғы 5 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мақта саласы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу және «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң) жүзеге асыру шеңберінде әзірленген (2022 жылғы  1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

     Заңның 1-бабының 6-тармағы «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Оңалту және банкроттық туралы Заң) 3-бабының 1-тармағында «мақта өңдеу ұйымдарына» сөзін алып тастау көздеген.

Бұл ретте қолданыстағы Оңалту және банкроттық туралы Заң редакциясының 3-бабының 1-тармағына сәйкес  банкроттық немесе оңалту рәсiмдерiн мақта өңдеу ұйымдарына, астық қабылдау кәсіпорындарына, сондай-ақ табиғи монополия субъектiлерiне қатысты қолдану ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленуi мүмкiн.

Осыған орай, Бұйрық жобасымен «Кредиторлар талаптары тізілімінің нысандарын, оны уақытша әкімшімен және уақытша басқарушымен қалыптастыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы бұйрығында банкроттық рәсіміндегі мақта өндеу ұйымдары кредиторларының талаптары тізілімінің нысанын, сондай-ақ Қағидалардың 54-тармағын алып тастау жоспарланған.

Бұдан басқа, Бұйрық жобасы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 5-тармағына сәйкес келтіру мақсатында бұйрық мәтіні бойынша заңнамалық актілердің күндерін алып тастауды көздейді.

Бұйрық жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық порталында (http://legalacts.egov.kz) 2021 жылғы 5 мамырда орналастырылды.

Бұйрық жобасын жария талқылау мерзімі – 2021 жылғы 21 мамырға дейін.