Жарияланған күні: 02.05.2019 12:29
Өзгертілген күні: 02.05.2019 12:29

Құрметті салық төлеушілер!

 

Мемлекеттік кірістер комитеті «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 жаңартылған бұйрығы қолданысқа енгендігін хабарлайды.

Аталған бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі (2019 жылғы 6 мамырдан бастап) және 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Бұйрықты сілтеме арқылы жүктеуге болады.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі