
Автокөлік санының артуымен көлік салығын төлеушілер саны да өсуде.
Алайда салықты уақтылы төлемейтін жеке тұлғалар бар. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық органдары сот орындаушыларына материалдарды бере отырып, берешекті өндіріп алу туралы салық бұйрықтарын шығаруға құқылы.
Одан әрі сот орындаушылары салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу, соның ішінде ҚР аумағынан тыс жерлерге шығуға шектеу, мүлікке, көлікке, борышкердің банктік шоттарына тыйым салу, берешекті өтегенге дейін жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру бойынша барлық шараларды қабылдайды.
Батыс Қазақстан облысының аумағында аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары әкімшілік полиция қызметкерлерімен және жеке сот орындаушыларымен бірлесіп, өткен кезеңдерде көлік салығы бойынша салық берешегін айыппұл тұрағына шығарып жіберумен берешегі бар автокөлік құралдарын ұстау және алып қою бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізу жолымен өндіріп алу жұмыстарын жалғастыруда.
Салық бойынша берешектің бар-жоғын ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында тексеруге болады www.kgd.gov.kz "электрондық сервис/салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер" бөлімінде.
2019 жыл үшін көлік құралдарына салық төлеу мерзімі 2019 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.