Жарияланған күні: 10.07.2018 13:06
Өзгертілген күні: 10.07.2018 13:08

      БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер дапартаментінде үстіміздегі жылдың 04 шілдесінде БҚО ҰКП «Атамакен», Батыс Қазақстан облысының бизнес қоғамдастығы, ірі өндірушілер мен жер қойнауын пайдаланушылар өкілдерінің қатынасуымен «Астана-1» ақпараттық жүйесі енгізілгеннен кейінгі кедендік заңнамалардың өзгерістерін жарыққа шығару мақсатында «Дөңгелек үстел» өткізілді.      

     Департамент басшылығы үстіміздегі жылдың 1 сәуірінен бастап енгізілген импорт және басқа да барлық кеден рәсімдері бойынша кедендік тазалау модульдері түгелдей үздіксіз жүмыс жасап тұрғандығын қатынасушылардың назарына жеткізді. Департамент қызметкерлері пайда болған қателіктерді жедел түрде жойып отырады. 

     БҚО  бизнес қоғамдастығы әлеуметтік желілердегі хаттар мен түсіндірмелерге сәйкес,  енгізілген «Астана-1» АЖ оң баға беріп отыр. Электрондық декларациялауды енгізу бизнес үшін тауарларды УСҚ-да сақтау, кеден өкілдерінің қызметтеріне ақы төлеу және т.б.  қосымша шығындарды едәуір қысқартуға көмектесіп отыр. 

     «Астана-1» АЖ жүзеге асыру табысты жалғасын табуда. Осылайша, «Астана-1» АЖ-нің «Кедендік транзит» қосалқы жүйесінде уақытша сақталудағы тауарларды есепке алу мақсатында – Электрондық тауарларды сақтау құжаты (ТСҚ) жасалады, бұл құжат уақытша сақтау орындары иелеріне тауарларды салыстыру және шығарылуын растауды алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді қамтамасыз ету нысандарын тіркеуді  және ресімдеуді автоматтандыру жұмыстары жалғастырылуда.

     Кездесуді қорытындылай отырып, Департамент басшылығы қатынасушыларға белсенділіктері және нәтижелі кеңестері үшін алғыстарын білдірді.

БҚО бойынша МКД КББ