Жарияланған күні: 26.06.2019 10:20
Өзгертілген күні: 26.06.2019 10:22

     2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 82-бабына сәйкес қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою тәртібі регламенттелді.

     ҚР ӘҚБТК-нің 269-бабына сәйкес мемлекеттік кірістер органына ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы өтінішті беру мерзімін салық төлеуші бұзған жағдайда - елу мөлшерінде айыппұл тағайындалады.

     Салық кодексінің 367, 424-баптарына сәйкес ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебіне тұрған салық төлеушілер әрбір салық кезеңі үшін орналасқан жері бойынша салық органына 300.00 н. "ҚҚС бойынша декларациясын" салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей береді.

БКО бойынша МКД