
2019 жылдың 4 сәуірінде Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы «Атамекен» ҰКП алаңында тері бұйымдарын сатумен айналысатын салық төлеушілермен «Дөңгелек үстел» өткізілді.
Кездесудің тақырыбы – Тауарларды таңбалау және олардың бақылануының ұлттық жүйесімен таныстыру.
Департаменттің кеден одағы шеңберінде әкімшілендіру бөлімінің басшысы И.Е.Нсанбаев қатысушылармен кездесу барысында тауарларды таңбалау және олардың бақылану жүйесімен таныстырды.
Кедендік бақылау басқармасының бас маманы Е.А.Кереев таңбалауға жататын тауарларды кедендік ресімдеуден өткізу тәртібі бойынша баяндама жасады.
Кездесу барысында туындаған сұрақтарға мемлекеттік кірістер органдарының өкілдері жауап берді.
БҚО бойынша МКД