Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Елбасы Жолдауын түсіндіру және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтауы» тақырыбында семинар кеңес өтті.
Кеңеске қатысқан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Бақылау басқармасының басшысы Жақсат Мұратов мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтауының маңыздылығын атап өтті.
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзуы тәртіптік жауапкершілікке алып келеді.
Баяндамашы мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілерде әдепке жатпайтын фотосуреттер, бейнежазбалар және басқа да қымбат бұйымдармен, заттарды жариялауға тиым салынғанын, қызметшілердің қарапайымдылық пен ұстамдылық таныту қажеттігін баяндады.
Семинар барысында Ж.Мұратов әдептілікті сақтау талаптарын слайд түрінде көрсетіп, дөрекі тәртіп бұзған мемлекеттік қызметшілерге қолданылатын шараларды, оның ішінде кейбінінің лауазымды қазметтерінен босауы фактілеріне тоқталды.
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Президент Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын түсіндіру бойынша БҚО бойынша МКД Түсіндіру жұмыстары басқармасының бас маманы Жоламан Галиуллин баяндама жасады.
Мемлекет алдында тұрған басты міндеттердің бірі Қазақстанның үшінші Жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру. Бұл үшін жахандық бәсекеге қабілеттілікті арттыратын экономикалық өсімнің жаңа моделі құру қажет.
Елбасы өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында бес негізгі басымдықтарды атап өтті: экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту, макроэкономикалық тұрақтылық, адами капитал сапасын жақсарту, институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты.
Өз кезегінде баяндамашы қызметкерлерді Жолдаудың «Қаржылық тұрақтылық» басымдығындағы «Салық түсімдерін ұлғайту» бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті белгілеген бастамаларымен таныстырды.
БҚО бойынша МКД