
Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай мерекелік шара өткізілді.
Шараға Департаменттің қызметкерлері мен мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлері қатысты.
Кіріспе сөз сөйлеген департамент басшысы Абжаппаров Алмас Әбдумүтәліпұлы ардагерлер мен қызметкерлерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күнімен құттықтап, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Елбасының ерен еңбегіне тоқталып өтті
Құттықтау лебіздерін сөз алған Мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлері мен департмент қызметкерлері де білдірді.
Мерекелік шара мараппатау рәсімімен жалғасты. Қазақстан Республикасы Қаржы жүйесіндегі үлгілі және жемісті жұмысы үшін ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысының 02.11.2017ж. №717-ж-қ Бұйрығымен департаменттің Салық аудиті басқармасының басшысы Қалменов Асылбек Толыбайұлы «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен, Салық аудитінің электронды бақылау бөлімінің басшысы Никитин Олег Дмитриевич Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
БҚО бойынша МКД