
2021 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап мемлекеттік кірістер құзыреті бойынша ҚР- ның әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне келесідей өзгерістер енгізілген болатын. Бұрын ҚР ӘҚБтК-нің 274-бабына сәйкес "қаржылық бақылау шараларын бұзу" мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның, мемлекеттік қызметтен теріс себептер бойынша босатылған адамның, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) салық салу объектісі болып табылатын кірістері мен мүлкі туралы декларацияларды және мәліметтерді қасақана бермегені немесе толық емес, анық емес декларациялар мен мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл, қайталанған әрекеті үшін екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған болатын,бірақ 2015 жылдың 18 қарашасындағы № 412-V заңымен 2021 жылы ҚР ӘҚБтК-нің 274-бабы алынып тасталынып, ҚР ӘҚБтК-нің 272-бабы "салық есептілігін, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасын айқындау үшін қажетті құжаттарды ұсынбау, сондай-ақ салық есептілігінде толық емес, анық емес мәліметтерді ұсыну" қолданысқа енгізілді, онда мемлекеттік кіріс органына Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде салық есептілігін ұсынбағаны үшін ескерту жасауға әкеп соғады, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайта жасалғаннан кейін ғана айыппұл салуға әкеп соғады.