Жарияланған күні: 04.09.2019 18:08
Өзгертілген күні: 04.09.2019 18:09

Мемлекеттік органдар мен құзыретті ұйымдардың қатысуымен ««бір терезе» қағидаты негізінде инвестициялық қызметті ұйымдастыру және қолдау »тақырыбындағы аймақтық оқу семинарына Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің атынан тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылау басқармасының басшысы Бауыржан Нұрболатұлы Камаладдинов және жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы, ҚҚС және аудит бөлімінің басшысы Болат Зинекешұлы Картмагамбетов қатысты.

Камаладдинов Б.Н. «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес СЭҚ қатысушыларын құқықтық қорғау» тақырыбында баяндама жасады.

Баяндамада,Камаладдинов Б.Н. келіп түскен салықтық және кедендік дауларды сотқа дейін шешуге мүмкіндік беретін және хабарламасына шағым берген органға тәуелсіз, яғни мұндай комисиияның мүшелері шешім қабылдау кезінде еркін болып табылатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы Апелляциялық комиссияның жұмысымен таныстырды.

Сондай-ақ, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға үйден немесе кеңседен және әлемнің кез келген нүктесінен шықпай кедендік декларацияны тапсыруға мүмкіндік беретін,«бір терезе» механизмі бойынша «АСТАНА-1» АЖ электронды декларацияны енгізу қағидаттарын таныстырды.

Қазіргі уақытта қолданыстағы жүйені жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде, атап айтқанда сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен кері байланыс механизмі (жүргізіліп жатқан тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша хабарламалар алу тұрғысынан) жүзеге асырылуда.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген «Сандық Қазақстан» кешенді бағдарламасы іске асыру шеңберінде, кедендік декларациялау кезеңінен кедендік бақылау екпінін көшіру және тауарларды шығару жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары іріктелді.

Тренингке қатысушылар осы тақырыптар бойынша пікір алмасты. Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті ұйымдастыруға, инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдауға, инвесторларды құқықтық қорғауға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ кеден және салық заңнамасы, техникалық реттеу және стандарттау мәселелері қозғалды.

 

БҚО бойынша МКД