Жарияланған күні: 05.08.2020 13:26
Өзгертілген күні: 05.08.2020 13:30

Құрметті азаматтар!

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 қаулысына сәйкес, "Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелудің және Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының азаматтары 2020 жылғы 1 ақпанға дейін Армениядан әкелінген автомобильдерді тіркеуі қажет.

Тіркеуді 2020 жылғы 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейінгі кезеңде жүргізу қажет (яғни сары нөмірлерді алу).

Армения Республикасынан 2020 жылғы 1 ақпанынан кейін әкелінген автокөлік құралдары Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтарын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып әкелінген болып есептеледі.

Жоғарыда көрсетілген автокөлік құралдарының иелеріне БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті әкелінген автомобильдерді кедендік ресімдеу туралы немесе оларды Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкету бойынша шаралар қабылдау туралы хабарлама жіберді.

Сондай-ақ, 2020 жылғы 1 ақпаннан кейін мемлекеттік шекарадан өту факті туралы ҚР Шекара қызметінен алынған мәліметтеріне сәйкес хабарламалар БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен жолдағанын хабарлаймыз. Егер көрсетілген автокөлік құралдарын әкелу 2020 жылғы 1 ақпанға дейін жүзеге асырылған болса, Сіз осы фактіні растауыңыз қажет.

Автокөлікті әкелу 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелінгендігі расталған жағдайда, кедендік ресімдеу қажеттілігі жойылады.

Барлық сұрақтар бойынша БҚО бойынша МКД-не 53-84-28, 53-84-42  телефдарына немесе келу тәртібінде мекен жайы: Орал қаласы, Пойменная көшесі 2/2, №312 кабинетіне хабарласуыңызды сұраймыз.

 

                                                                                 БҚО бойынша МКД