
2017 жылдың 21 қарашасында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Ардақ Мырзабайұлы Тенгебаев әріптестеріне Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Әбжаппаров Алмас Әбдумүтәліпұлын таныстырды.
Әбжаппаров Алмас Әбдумүтәліпұлы 1971 жылы 21 мамырда Алматы қаласында дүиеге келген.
Білімі жоғары, мамандығы «Инженер-электрик» (1994 жылы Қазақ ұлттық техникалық институтын бітірген), «Заңгер» (1999 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген), «Менеджер» (2011 жылы РФ Президенті жанындағы Ресейдің халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет Академиясын бітірген).
Ғылыми дәрежесі: экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолы:
1993-2000 жылдары –ЖШС директоры;
2000-2007 жылдары – Астана қаласы бойынша Кеден басқармасының аға инспектор-тергеуші, бөлім басшысы, бекет басшысы, Астана қаласы бойынша Кеден департаменті бастығының орынбасары, департамент бастығының бірінші орынбасары. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің «Семей» кеденінің бастығы.
2008-2009 жылдарда – Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің «Ұлттық индустриалдық мұнай-химия технопаркі» Арнайы экономикалық аймағы әкімшілігі директорының орынбасары;
2009-2010 жылдарда – Атырау қаласы бойынша Салық басқармасы бастығының орынбасары;
2010-2012 жылдарда – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің басқарма басшысы,Ақтөбе облысы бойынша салық департаменті бастығының орынбасары; Павлодар облысы Екібастұз қаласы бойынша салық басқармасының басшысы;
2012 жылы – Қазақстан Республикасы жер ресурстарын басқару Агенттігінің бюджетті жоспарлау және орындау департаментінің директоры;
2013-2016 жылдарда – «Тараз химиялық паркі арнайы экономикалық аумағы» компаниясының төрағасы;
2016-2017 жылдарда – Қостанай облыстық Сот әкімшілігінің басшысы;
2017 жылдың 19 маусымынан 2017 жылдың 17 қарашасына дейін –Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары;
2017 жылдың 17 қарашасынан бастап Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.