Жарияланған күні: 07.06.2019 15:07
Өзгертілген күні: 07.06.2019 15:08

      "Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны туралы мемлекеттік кірістер органдарына хабарлау қағидаларын, нысанын және мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 241 және "Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну қағидаларын, мерзімін және нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 242 бұйрықтарына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 23 мамырдағы № 476 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

     "Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны туралы мемлекеттік кірістер органдарына хабарлау қағидаларын, нысанын және мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 241 бұйрығының 10 тармағы, 15 тармағының 4 тармақшасы және 16 тармағының 2 тармақшасы жаңа редакцияда жазылған.

     Сондай-ақ, шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну қағидаларын, мерзімін және нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 242 бұйрығында 11 тармағының 1 бөлігі өзгерілді.

Сонымен қатар, бұл бұйрық мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылды:

"14. Мәліметтер, егер:

1) мемлекеттік кірістер органының коды көрсетілмесе;

2) жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі) (бұдан әрі – ЖСН (БСН) көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе;

3) ақша және (немесе) өзге де мүлікті берген көздің атауы көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе;

4) қағаз жеткізгіште жасалған мәліметтерге жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, жеке тұлғаның, тұлға басшысының қолы қойылмаса, сондай-ақ мөрімен куәландырылмаса мемлекеттік кірістер органдарына табыс етілмеген болып саналады".

     Естеріңізге сала кетейік, егер де шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алған жағдайда мемлекеттік кірістер органдарына 017.00 нысанды хабарлауы табысталады, және осындай ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алған және жұмсаған жағдайда мемлекеттік кірістер органдарына 018.00 нысанды мәліметтері табысталады.

     Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

БҚО бойынша МКД