
«Адалдық аланы» қолдауымен Қаржы министрлігі қызметінің ашықтығы мен қол жетімділігін арттыру мақсатында, және тұрғындардан түскен сұрақтар мен ұсыныстарға уақытылы жауап беру үшін «Халық үніне құлақ асатын Мемлекет» тұжырымдамасы аясында бүгін БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Салық 2020» республикалық акциясын өткізді.
"Халық үніне асатын Мемлекет" Жолдауының жаңа тұжырымдамасын іске асыру билік пен қоғамның тұрақты диалогының негізі ретінде қазақстандықтарды барынша өзекті жалпымемлекеттік міндеттерді талқылауға баулып, оларды шешу деңгейін арттырады.
Жолдаудың нәтижесі азаматтық диалогты нығайтуға, біздің қоғамды толғандыратын мәселелерді талқылауға арналған "Салықтар 2020" республикалық акциясы болып табылады.
Орал қаласында Акция "ANTICOR ORTALYGY" сервис орталығында, "SMART URALSK" қызмет көрсету орталығында және "Мирлан"сауда нарығының аумағында өтті.
Бұдан басқа, Акция Мемлекеттік кірістер органдарының 12 аудандық басқармаларында ХҚКО, Атамекен, ТРК және екінші деңгейлі банктер ғимараттарында өткізілді.
Талап етілген өзгерістер қатарында - микро және шағын бизнес компанияларын үш жыл мерзімге табыс салығын төлеуден босату. Бұл кәсіпкерлер үшін өте маңызды жағдай. Бизнестің қалыптасуы кезеңінде салық төлеуден босату оның өз қаражатына иелік етудегі қаржылық дербестігін кеңейтеді, бұл кәсіпкерлер үшін үлкен ынталандыру болып табылады, өйткені олардың бизнесті жүргізу үшін жауапкершілігі артады. Бұдан басқа, 2020 жылдың қаңтарынан бастап тағы бір маңызды шешім - микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге үш жылдық тыйым салу күшіне енді.
Сондай-ақ, кәсіпкерлік субъектілері үшін патент бойынша шектеулер, бірыңғай жер салығы бойынша салық салу объектісінің өзгеруі, тіркелген салықтың жойылуы, талап қою мерзімінің азаюы, онлайн бақылау-кассалық машиналар, тауарларға ілеспе жүкқұжаттар, электронды шот-фактуралар сияқты басқа да маңызды өзгерістер талқыланды.