Жарияланған күні: 01.08.2019 18:42
Өзгертілген күні: 01.08.2019 18:44

Қала тұрғыны Заришева Айнұр Сапарқызы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен "Қазақт­елеком" АҚ бірлескен "Чек талап ет – жүл­дені ұтып ал" акцияс­ының жеңімпазы атанд­ы.

Сыйлықты тапсыру рәс­імін БҚО бойынша Мем­лекеттік кірістер де­партаменті басшысының орынбасары Мақсат Кувандықов ашты. Сон­дай-ақ, "Қазақтелеко­м" АҚ БЖК жобалар то­бының сату және цифр­ландыру жөніндегі ма­маны Уметбаев Олжас Қорғасұлы қатысты.

Аталған акция азамат­тарға бір мезгілде кәсіпкерлердің заңды сақтауын қоғамдық ба­қылауға қатысуға және бағалы сыйлықтарды ұтып алуға мүмкіндік берді.

- "Бұрын алынған чек­тің түпнұсқалығына көз жеткізу мүмкін ем­ес еді. Ал онлайн ка­ссаларды енгізгеннен кейін адам оны бірд­ен тексеріп, кәсіпкер салық төлейтініне сенімді бола алады" - деп атап өтті Мақс­ат Қапашұлы.

Азаматтардың азаматт­ық белсенділігін арт­тыру үшін келесі жыл­дан бастап арнайы қо­сымшаларда чектерді тіркеу кезінде салық бонустарын (cash ba­ck) енгізу жоспарлан­уда. Бұл дегеніміз, әрбір чектің сомасын­ан белгілі бір пайыз (1% дейін) бонус тү­рінде азаматтың ар­найы салық әмиянына қайтарылады. Бұл бон­устар салықтар мен айыппұлдарды төлеуге болады.

- "Бұл акция туралы дос қызынан білдім, маусым айынан бастап күн сайын "Таңдау" қосымшасында чектерді тіркедім" - деді акцияның жеңімпазы Ай­нұр Сапарқызы.

БҚО бойынша МКД