
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында салық және кеден заңнамасына өзгерістер енгізілді.
Осы өзгерістерге сәйкес 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметтер түрлерін көрсету мерзімдері қысқарды:
- салықтарды, бюджетке төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды, кедендік баждарды, кедендік алымдарды, пайыздарды есепке алу/қайтаруды жүзеге асыру - 5 жұмыс күніне дейін (бұдан бұрын 10 жұмыс күні).
Мемлекеттік қызметтер басқармасы