Жарияланған күні: 09.10.2019 13:22
Өзгертілген күні: 09.10.2019 13:24

Салық кодексінде бұл мәселеге 427 және 428 баптардың ережелері арналған:

- 427-бап "Есепке жатқызу әдісімен импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу»;

Қосылған құн салығы ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеушілер есепке жатқызу әдісімен төленеді.

-428-бап "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеу".

Қосылған құн салығы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Армения) аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеушілер есепке жатқызу әдісімен төленеді.

Салық кодексінің жоғарыда көрсетілген баптарында салық саясаты саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тауарлар тізбесіне және оны қалыптастыру тәртібіне сілтеме бар. Бұл ретте осы тізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндірісі жоқ немесе Қазақстан Республикасының қажеттіліктерін жаппайтын тауарлар енгізіледі.

Маңызды! Өз қызметінде тауарларды бес жылдан кем емес пайдалану Салық кодексінің 427 және 428 баптардың қолдану үшін міндетті шарты болып табылады.

Сондай-ақ осы баптардың қолданылуы уақытпен шектелгенін, қазіргі уақытта олардың 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатыны белгіленгенін ескеру қажет.

Салық кодексінің 427 және 428-баптарының күші ҚҚС төлеушілерге қолданылады.

Демек, ҚҚС төлеуші болып табылмайтындар осы баптарын пайдалануға мүмкіндіктері жоқ.

Қазақстан Республикасының аумағына ішкі тұтыну үшін тауарлар шығарылған күннен бастап бес жыл ішінде Салық кодексінің 427-бабының 1 және 2-тармақтарында белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, импортталатын тауарларға ҚҚС Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып төленуге жатады.