
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалында облыс әкімінің орынбасары Б.Қонысбаеваның кәсіпкерлермен кездесуі өтіп, еңбек қатынастарын заңдастыру, азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйесін түсіндіру және объектілерді мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімдеу мәселелері талқыланды.
Жиналысқа облыстық еңбек инспекциясының, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері мен Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Б.Н.Қайдаров қатысты. Сондай-ақ қала кәсіпкерлері, сауда орталықтары мен базарлардың жалға берушілері шақырылды.
Бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі болып жұмысшыларды еңбек шарттарын жасамастан жұмысқа қабылдау болып табылады. Жұмыс берушілер салық міндеттемелерін орындаудан қашып, жұмысщыларымен еңбек келісім шарттарын рәсімдемейді. Бұл өз кезегінде жұмысшыға да, жұмыс берушіге де кері әсерін тигізеді. Қазақстан Республикасының еңбек заңдылықтарына сәйкес жұмыс берушілер жұмысшыларымен еңбек келісім шартын жасауға міндетті. Жұмысшыны еңбек шартынсыз жұмысқа жібергені үшін әкімшілік жауапкершілік те көзделген. Жұмыс беруші өз жұмысшысы үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын аударып отыруы тиіс.
Кездесу барысында кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік органдармен бірге сауда орталықтарында, базарларда еңбек қатынастарын заңдастыру бағытындағы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі, азаматтардың еңбек заңдылықтары бойынша құқықтық білімдерін көтеру қажеттілігі атап өтілді.
Осыған орай облыс әкімінің орынбасары Б.Т.Қонысбаеваның бекітуімен Орал қаласындағы барлық сауда орындарында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі, еңбек қатынастарын заңдастыру бағытында халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыс тобының халықпен кездесулер өткізу кестесі жасалды.
Бүгінгі күні Орал қаласында орналасқан ірі 83 сауда объектілерінің 45 сауда орындарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Фотосуреттер қоса беріледі
БҚО бойынша МКД