
2019 жылдын 1 қаңтарынан бастап барлық ҚҚС төлеушілері шот-фактураны электрондық нысанда жазып беруге міндетті.
Шот-фактураны электрондық нысанда жазу үшін міндетті түрде электрондық шот-фактура жүйесіне тіркелу қажет. Электрондық шот-фактураны жазу ҚР Қаржы Министрлігінің қазынашылық Комитеті оператор болып табылатын ЭШФ АЖ жүзеге асырылады.
Салық кодексінің 412-бабының талаптарына сәйкес, шот-фактура электрондық нысанда уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және нысан бойынша электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде жазылып беріледі (жаңа нұсқа).
Салық төлеушілерге ЭШФ келесідей артықшылықтарды береді.
- Қағаз тасығышта шот-фактуралардың жазып беру мерзімі 7 күн болса, ЭШФ жазып беру мерзімі 15 күнге ұлғайтылған.
- ЭШФ-ны шетел валютасында жазып беру мүмкіндігі.
- Өз қызметкерлеріне шот-фактураларды жазу бойынша құқықтарды табыстау мүмкіндігі.
- Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері жазып берген ЭШФ-ны басқару мүмкіндігі.
- Барлық шот-фактураларды электрондық түрде жазып берген жағдайда, іске асырылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша тізілімді ұсынбау мүмкіндігі (300.07 және 300.08).
- Мөр дайындауға қағазды үнемдеу және қаражатты үнемдеу.
- Алушыға ЭШФ-ны орналасқан орнына қарамастан жедел жеткізу, сондай-ақ сатып алушы мен өнім беруші арасында ЭШФ АЖ-да хабарларымен тез алмасу мүмкіндігі.
- Қателерді болдырмау мүмкіндігі, өйткені ЭШФ АЖ форматтық – логикалық бақылауға тексеру жүргізеді.
- Жеке алғашқы бухгалтерлік құжаттарды қосымша ресімдеуді болдырмау (тауарлық – көліктік жүкқұжат, төлемге арналған шоттар, сондай-ақ ЭШФ-да шарттың жеке деректемелерін көрсету мүмкіндігі).
- Егер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы мемлекеттік мекеме болып табылған жағдайда, ЭШФ АЖ-ден «Қазынашылық-клиент» АЖ-ге төлеуге арналған шотты автоматты қалыптастыру, бұл төлемге электрондық қаржы құжаттар қозғалысының ашықтығын қамтамасыз етеді.
БҚО бойынша МКД