Жарияланған күні: 20.03.2020 18:39
Өзгертілген күні: 20.03.2020 18:40

Елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияны (230.00 нысаны) электронды түрде тапсырған жағдайда, оның мерзімі 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін ұзартылды.

Аталған шара COVID-19 індетінің таралуының алдын алу мақсатында қосымша шектеулерді, профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралардың енгізуі шеңберінде қабылданды. Себебі, декларацияны тапсыру үшін халыққа қызмет көрсету орталықтары (Ұлттық куәландыру орталығының электронды кілтің алу үшін), мемлекеттік кірістер органдарындағы өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары және басқа да (декларация тапсыру үшін, кірістері мен мүлкі және т.б. бойынша мәліметтерді алу үшін) адамдардың жаппай жиналатын орындарына баруға тура келеді. Сондықтан, декларацияны электронды түрде тапсыруға кеңес береміз.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша келесі сілтемелерді пайдалануға кеңес береміз:

 

https://www.kgd.gov.kz

https://www.facebook.com/kgd.gov.kz

https://www.instagram.com/press_kyzmet_kgd

https://twitter.com/KGD_MF_RK

https://t.me/kgdmfrk

https://dialog.egov.kz/blogs/32783/welcome

 

Төтенше жағдай кезінде тұрғылықты жері бойынша немесе орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарының байланыс орталықтарының қызметтерін kgd.gov.kz веб-сайтында «Біз туралы»/ «Халықпен жұмыс»/ «Мемлекеттік кірістер органдарының байланыс орталықтарының телефондары»  жолы бойынша, сондай-ақ  https://kgd.gov.kz/sites/default/files/telefonnye_nomera_kc.docx сілтемесі бойынша тізімде көрсетілген телефон нөмірлері бойынша пайдалануға болады.

Сонымен қатар, ҚР ҚМ МКК байланыс орталығына хабарласа аласыз:

WhatsApp:  +7 775 848 67 97

WhatsApp: +7 776 136 41 32

WhatsApp: +7 705 559 12 33

WhatsApp: +7 705 559 12 39

e-mail: Contact-center-kgd@mail.ru

https://t.me/KGDMFRK1414

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

8 (7172) 71 85 56,

71 71 16, 70 99 40