
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген Реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларының 26 және 27-тармақтарына сәйкес ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттары бастамашылық еткен «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына әзірленген реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін «on-line» режимде қоғамдық талқылау өткізу жоспарлануда.
Талқылау 2020 жылғы 16 наурыз күні сағат 9.00-ден бастап 19 наурыз күнгі сағат 9.00-ға дейін өтетін болады.