Жарияланған күні: 14.12.2018 18:42
Өзгертілген күні: 19.12.2018 11:19

Бүгін 2018 жылғы 14 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінде 16 желтоқсан - Тәуелсіздік Күніне орай мерекелік шара өткізілді.

Тәуелсіздік күні-еліміздің басты ұлттық мерекесі, жаңа егемен және тәуелсіз ел - Қазақстан Республикасының тууын атап өткен мереке. Осыдан 27 жыл бұрын, 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан халқы егемендікті, бостандықты, әлемге өзінің ашықтығын таңдады.

Салтанатты жиынға Мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлері мен Департаменттің жеке ұжымы қатысты.

Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Алмас Абдумуталипұлы Әбжаппаров құттықтау сөзімен өзінің еңбек жолындағы әріптестеріне денсаулық, табыс және амандық тілеп,  төл мерекесімен құттықтады.

Қысқа тарихи кезеңде елде демократиялық, құқықтық және экономикалық тәуелсіз мемлекет құрылды. Қазақстан бүкіл әлемге танымал мемлекет, сенімді серіктес және ұлтаралық келісім мен халық бірлігінің үлгісі болды.

Өз сөзінде басшы жаңа мемлекеттіліктің қалыптасуы туралы атап өтті, сонымен қатар реформалар жүргізе отырып, экономикалық дамуда, өз азаматтарының әл-ауқатын қамтамасыз етуде және елдің әлемдік аренадағы құдіретін нығайтуда әсерлі нәтижелерге қол жеткізді.

Департамент ұжымының үйлесімді жұмысының арқасында облыстың мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік бюджетке салық төлемдерінің түсімдерін қамтамасыз ету бойынша қойылған міндеттерді табысты орындап келеді.

Салтанатты жиында Мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлеріне және ерекше көзге түскен СЭР қызметкерлеріне, салық және кеден блоктарының қызметкерлеріне ҚР ҚМ МКК төрағасының Құрмет грамоталары, БҚО бойынша МКД басшысының және облыс әкімінің алғыс хаттары, құрмет грамоталары табыс етілді.

Сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлері  өзінің құттықтауларымен бірге қызмет еткен ұжымдарына тілектерін айтты.        

Жиын соңында концерттік бағдарламамен әртістер өнерлерін көрсетіп аяқтады.

 

БҚО бойынша МКД