Жарияланған күні: 14.06.2018 11:50
Өзгертілген күні: 14.06.2018 16:57

Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде бизнес қауымдастығы, кәсіпкерлер Палатасының, Батыс Қазақстан облысы бойынша «Нұр Отан» партиясының, БАҚ өкілдерінің қатысуымен Кеңестікалқаның кезекті отырысы болып өтті.

Қатысушылар алдында құттықтау сөз алғанДепартамент басшысының орынбасары Б.Н. Қайдаров салық және кеден саласындағы заңнамаларына қатысты өзекті мәселелерді талқыға салуға, пікірлер мен ұсыныстарды ортаға салып, оны талқылауға үлкен мүмкіндік беретін аталмыш отырыстардың қашанда форматы маңыздыекендігін атап өтті.

Мәжіліс барысында қосылған құн салығымен қарыздар бойынша сыйақыға салық салуға; есептік-бақылау маркаларды идентификациялауды бақылау құрылғыларының сапасына; жұмысқа кері шақыруда немесе босатылуда пайдаланылмаған демалысы үшін өтемақыға салық салуға; 2019 жылдан бастап ашық сауда нарығындағы аумақтарда деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ қолдану барысында туындайтын қиындықтарғақатысты облыс кәсіпкерлерінен түсіп жатқан проблемалық сұрақтар тыңдалды.

Осындай сұрақтардың бірі – «қарыз қаражаттары» ұғымының белгіленуіне және қосылған құн салығымен қарыздар бойынша сыйақыға салық салуға қатысты Салық Кодексінің баптарындағы қайшылықтарды талқылау барысында көптеген пікір-таластар мен дискуссия туындады.

Мәжіліс қорытындысы бойынша кеңестік алқа мүшелерініңОрталық аппаратқа ұсыныстарды жолдау мақсатында Салық Кодексінің 394 бабы және басқа да сәйкестендірілмелі баптар бойынша позицияларды әзірлеу жөнінде шешім қабылданды.

Сондай-ақ–өзекті мәселелердің бірі - 2019 жылғы 01 қаңтардан бастап ақшалай есептесу кезінде ашық сауда нарық аумақтарында тұрақталмаған сауда объектілері арқылы кіші бизнес субъектілеріне арналған арнайы салық режимі аясында қызметтерін жүзеге асыратын салық төлеушілердің деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды міндетті түрде пайдалануға қатысты сұрақ талқыға салынды.

Осы санаттағы салық төлеушілер арасында дүрлікпенің пайда болуына жол бермеу және әкімшілік жауапкершілікке тартуды болдырмау үшін кеңестік алқа кәсіпкерлер Палатасының қатысуымен кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізуді ұсынды.

Отырыс жұмысын қорытындылай келе, Б.Н. Қайдаров мазмұнды кездесуге ат салысқандары үшін қатысушыларға өз алғысын жеткізді және проблемалық сұрақтарды, сондай-ақ бизнес қауымдастығы мен жалпы қоғамның мүддесіндегі басқа да аса маңызды сұрақтарды талқылаудаалдағы уақытта бизнестің қатысуы өте қажетті екендігін атап айтты.

 

БҚО бойынша МКД