Жарияланған күні: 21.12.2018 16:09
Өзгертілген күні: 21.12.2018 19:37

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Консультативтік кеңестің кезекті отырысы өтті, оған бизнес қоғамдастық, кәсіпкерлер палатасының өкілдері, "Кублей" ЖШС, "Орал трансформатор зауыты" ЖШС өкілдері қатысты.

Құттықтау сөз сөйлеген Департамент басшысы А. А. Әбжаппаров Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еліміздің құқықтық өрісін жетілдіру қарастырылған "Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам" атты Ұлт жоспарында белгілеген стратегиялық бағыттарды орындау бойынша мемлекет алдына қойылған міндеттерге сәйкес, көзделген басымдықтардың бірі заңнамалық базаны үнемі жетілдіру болып табылатындығын атап өтті.

Талқылау барысында "Кублей" ЖШС өтініші бойынша экспортшыларды импорт бойынша кеден баждарын төлеуді босату туралы, сондай-ақ "Орал трансформатор зауыты"ЖШС-нің өтініші бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып ҚҚС қайтаруға қатысты мәселелер қозғалды.

Консультативтік кеңес мүшелерінде Департамент ескеретін және әрі қарай Орталық аппаратқа жолданатын ұсыныстар пайда болды.

Отырысты қорытындылай келе Алмас Абдумүтәліпұлы қатысушыларға мазмұнды кездесу үшін алғысын білдіріп, ықтимал мәселерді талқылауға және келешек басымдықтарды белгілеу барысында бизнестің әрдайым қатысуының қажеттілігін атап өтті.

                                                       

         БҚО бойынша МКД