
Департаментте брифинг өткізілді
2017 жылдың 05 қазаны күні Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер органдарындағы 2017 жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлықты ескерту мен оның алдын алу шаралары, Мемлекеттік кірістер органдарындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тақырыбында бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифинг өткізілді.
Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы Т.С.Тілеугалиев журналисттерді департаментте сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен оның алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан шаралармен таныстырды.
2017 жылдың ағымдағы кезеңінде Департаментте 82 профилактикалық шаралар, соның ішінде қоғамдық бірлестік өкілдерінің қатысуымен 2 консультативтік кеңес, 38 басты жемқорлық тәуекелдерінде жоюға бағытталған 68 семинар және 1 радио бойынша хабарлама жасалды.
Сонымен қатар, БҚО бойынша МКД лауазымды қызметкерлері тарапынан жасалған сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтауға бағытталған жедел-қызмет шаралары нәтижесінде 2017 жылдың басынан бері 3 қылмыстық іс қозғалды.
25.01.2017 жылы ҚР ҚК 367б. 2б. ЭТҚ аға тергеушісі А.У. Аймурзинге «К» азаматы оған қатысты қозғалған қылмыстық істің оң жақты шешілуі үшін пара беру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде БҚО Сыбайлас жемқорлық қызметімен қылмыс құрамы болмау салдарынан ҚР ҚІЖК 35б. 1б. бойынша қысқартылды.
01.08.2017 жылы ҚР ҚК 361б. 4б. лауазымдық уәкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша «Энергетикалық» кеден бекетінің бұрынғы қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Істің мән-жайы: «Энергетикалық» кедендік бекетінің бұрынғы қызметкерлері 2013 жылы экспорт кеден декларацияларын рәсімдеу барысында міндетті кеден салымдарын есептемеу арқылы кәсіпорындар пайдасына лауазымды құзіреттерін теріс пайдаланды. Нәтижесінде мемлекетке 2 млн. теңгеден астам көлемде материалдық зиян келтірді. Қазіргі кезде қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізілуде.
08.09.2017 жылы БҚО бойынша МКД Ішкі қауіпсіздік басқармасы ҚР ҚК 361б. 4б. лауазымдық уәкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша «Энергетикалық» кеден бекетінің бұрынғы қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Істің мән-жайы: «Энергетикалық» кеден бекетінің бұрынғы қызметкерлері 2012 - 2013 жылдары эксапорт кеден декларацияларын рәсімдеу барысында міндетті кеден салымдарын есептемеу арқылы кәсіпорындар пайдасына лауазымды құзіреттерін теріс пайдаланды. Нәтижесінде, мемлекетке 1,5 млрд. теңгеден астам көлемде материалдық зиян келтірді. Қазіргі кезде, қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізілуде.
Жоғарыда аталған шаралармен қатар Ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерімен апта сайын Орал қаласының ойын-сауық орындарында мониторинг жүргізіледі. Мониторинг мақсаты, БҚО бойынша МКД лауазымды тұлғаларымен ҚР мемлекеттік қызметкерлерінің Этикалық кодексін бұзу фактілерін анықтау.
Сонымен қатар әрдайым мемлекеттік кірістер органдарына өздерін бұрынғы жұмысы бойынша қызметіне нұқсан келтіретін қылықтар жасаған және құқық бұзушылықтар жасауға бейім тұлғалардың жұмысқа кіруін болдырмау мақсатында Департаментке қызметке тұруға үміткерлер бойынша ақпараттарды жинау және талдау жүзеге асырылады.
Осылайша 1 үміткер бойынша теріс ұсыныс беріліп, мемлекеттік кірістер органдарын қызметке қабылдаудан бас тартылды.
Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Т.Н.Төлепов мемлекеттік кірістер органдарындағы көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтермен таныстырды.
Бүгінгі күні мемлекеттік кірістер органдарымен барлығы 48 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі, оның ішінде 29-салықтық, 19-кедендік бағыттағы мемлекеттік қызметтер.
26 қызметті мемлекеттік корпорацияларда (ХҚК) баламалы түрде алуға болады, оның ішінде 20- салық қызметтері, 6- кедендік мемлекеттік қызметтер.
2017 жылдың 9 айында БҚО ақпараттарды қабылдау орталықтары мен кедендік бекеттерінде барлығы 550 мың қызмет көрсетілген, оның ішінде 490 мыңы немесе 89,4% электронды түрде көрсетілді.
Жыл басынан бері «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясында азаматтар 234 қызмет пайдаланды.
Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде пайдалану сыбайлас жемқорлық көріністерін төмендетіп, мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің салық төлеушілермен жақындасуын азайтады.
Қызмет пайдаланушыларды ақпараттандыру мақсатында 2017 жылдың 9 айында 176 шаралар өткізілді, оның ішінде 44 семинар, 7 дөңгелек үстел, 125 БАҚ мақалалар, оның ішінде 110 электронды қызметтер туралы мақалалар жарияланды.
БҚО бойынша МКД