Жарияланған күні: 22.06.2018 10:52
Өзгертілген күні: 22.06.2018 10:53

2018 жылғы 19 маусымда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің тапсырмасы бойынша Дүниежүзілік экономикалық форумның 2018-2019 жылдарға арналған Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі индикаторларын жақсарту бойынша ісшаралар жоспарын оырндау мақсатында БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Ұйымдасқан қылмыспен күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелді өткізудің мақсаты:  ұйымдасқан қылмыспен күрес жүргізудің оң тәжірибелеріне шолу жасау, оның пайда болу жолдарымен күрес жүргізудің тиімділігін арттыру жолдарын іздеу, өңірдегі қылмыстық топтармен күрес жүргізу мақсаттары мен міндеттеріннен тұратын қылмыспен   күрес шаралары жүйесін құру болып табылады. 

Дөңгелек үстел жұмысына БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, БҚО ішкі істер департаменті, ҚР ҰҚК шекара қызметі  қызметкерлері, сонымен қатар «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өкілдері қатысты.  

Дөңгелек үстел барысында келесідей мәселелер қозғалды: 

• қылмыстық топтардың пайда болуы мен таралуына ықпал ететін факторларды анықтау және жою; 

• ұйымдасқан қылмыспен күрес жүргізу бойынша субъектілер жүйесіндегі ішкі істер органдарының алатын орыны мен рөлі; 

• ұйымдасқан қылмыстың алдын-алу проблемалары; 

• ұйымдасқан қылмыспен күрес субъектілерінің өзара әрекеттестік мәселелері;  

• қылмыс әрекеттері субъектілерін қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жауапкершілікке тарту.

Дөңгелек үстел соңында барлық қатысушылар құқық қорғау органдары мен азаматтардың арасындағы тұрақты  өзара әрекеттестік жалпы қылмыстың алдын-алу проблемаларын шешуге ықпал етеді деген қорытындыға келді. 

 

                                                                  БҚО бойынша МКД