
БҚО бойынша МКД-нің Әдеп жөніндегі уәкілі Нурадин Уснадинұлы Сапаров 2018 жылғы 17 қыркүйекте Орал қаласы бойынша МКБ-ның әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер үшін мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзушылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша жиналыс өткізді.
Кездесу барысында Нурадин Уснадинұлы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік әзірлеген, мемлекеттік қызметшілердің киім үлгісіне қатысты негізгі талаптар жөніндегі ұсыныстарымен бөлісті, сонымен бірге мемлекеттік қызметшілер алған сыйлықтарды қандай мерзімде және қайда тапсыруды түсіндірді.
Бұдан тыс, әдеп жөніндегі уәкіл Орал қаласы бойынша МКБ-ның әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің сұрақтарына жауап берді және «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес, тұлғаға келіп түскен сыйлық түріндегі мүлікті уәкілетті органға толығымен және (немесе) уақытында тапсырмағаны үшін мемлекеттік қызметтерді орындайтын уәкілге немесе оған теңестірілген тұлғаға, сондай-ақ оның отбасы мүшелеріне, егер бұл әрекеттерден қылмыстық жазалаушы әрекеттер белгісі табылмаса, әкімшілік-құқықтық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.
БҚО бойынша МКД