Жарияланған күні: 28.05.2019 10:25
Өзгертілген күні: 28.05.2019 10:26

Жақында, 2019 жылғы 24 мамырда БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы Халыққа қызмет көрсету орталығының аумағында, сондай-ақ Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында "Атамекен" ҰКП өңірлік филиалының алаңында салық төлеушілермен кездесу өткізді.

Бұл жолы Департамент қызметкерлері акцияға белсенді қолдау көрсеткен Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлерін "Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал" акциясына қатысуға тартуды шешті.

Облыс кәсіпкерлері азаматтармен қатар, салық төлеушілердің бақылау-кассалық тәртіптің сақталуы бойынша қоғамдық бақылауда тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау және қолма-қол ақша арқылы қызмет көрсету үшін ақшалай есеп айырысу кезінде чектерді беру жөнінде белсенді азаматтық ұстаным танытуда.

"Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал" акциясы Қазақстанда 2019 жылдың 1 мамырынан 8 тамызына дейін әрекет етеді.

Смартфонның иесі қала мен облыстың кез келген тұрғыны бола алады, акцияға қатысу үшін Google Play market және App Store-да жүктеу үшін қолжетімді "Таңдау" мобильді қосымшасын орнату және күн сайын онда БКМ чектерін тіркеу қажет.

Ұтыс ойынындағы жеңімпаздар чектерді кездейсоқ таңдау әдісі бойынша анықталады.

"Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал" акциясы туралы толық ақпарат сайтта орналастырылған www.trebui.kz ескерту.

БҚО бойынша МКД