Жарияланған күні: 12.09.2019 18:23
Өзгертілген күні: 12.09.2019 18:24

БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті батысқазақстандықтарды БКМ чектерін бермеу арқылы өз табысын жасырған салық төлеушілерге қатысты мүлдем төзбеушілік танытуға шақырады.

Өздеріңізге белгілі, белгілі салық төлеушілер санатын қоспағанда Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар міндетті түрде бақылау-кассалық машиналарды қолдану түрімен жүргізіледі.

БКМ чегін бермеу табысты жасыруға, тиісті салықтардың төленбеуіне әкеледі, нәтижесінде жалпы көлеңкелі экономика көлемінің өсуіне әкеліп соғады.

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (бұдан әрі - ӘҚК) 802-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғаудың себептерінің бірі жеке және заңды тұлғалар хабарландырулары және өтініштері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарына түскен хабарландырулар болып келеді.

БКМ чегін немесе тауарлық чекті бермеу немесе БКМ чегін немесе тауарлық чекті тауар сомасынан артық немесе кем көрсету әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Жауапкершілікке тартудың деректері болып табылады: әкімшілік құқық бұзушылыққа тартылған тұлғаның түсінігі, жәбірленушінің айғақтары, куәгерлер; маманның, эксперттің қортындысы және көрсеткіші, заттай айғақтар; басқада құжаттар; ӘҚК қарастырылған, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама және процессуальдық іс жүргізу хаттамасы.

Осындай бұзушылықтарды бірінші рет жасаған кәсіпкерлер ескерту алуы мүмкін, жылдың ішінде қайта жасаған бұзушылыққа салық төлеушінің категориясына байланысты 15 ден 50-ге дейін АЕК айыппұл салынады.

1. Тауарлар, жұмыстар немесе қызметтерді сатып алғанда БКМ ФИСКАЛДЫҚ ЧЕКТЕРДІ ТАЛАП ЕТІҢІЗДЕР.

2. БКМ-ның чегін бермеген жағдайда сатушымен чек беруден бас тарту фактісін видеоға түсіріп дүкеннің атауы және мекен - жайы, базардың, сауда үйінің атауы, сауда үйіндегі дүңгіршектің атауы, (базардағы орынның нөмірі) және кәсіпкерлік субъектіні анықтауға мүмкіндік беретін басқа да мәліметтерді түсіріңіз.

Материалдарды соның ішінде Wipon мобильдік қосымша арқылы жіберіңіздер. Wipon қосымшасын Apple App store және Google Play market тегін жүктеуге болады.

Бұл ретте өзініңіздің аты - жөніңізді (ол болған жағдайда), ЖСН, және байланыс телефонның нөмірін қосымша көрсету қажет. Барлық жолданылған материалдар мемлекеттік кірістер органдарымен өңделетін болады.

Сондай-ақ чекті бермеудің барлық фактілерін БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне 53 82 82 сенім телефоны арқылы хабарлауға болады.