
Осы жылдың шілде айында «e-Salyq mobile» мобильді қосымшасында мемлекеттік кірістер органдарына бару күні мен уақытын брондау мүмкіндігі іске асырылды. Бұл функция қызмет алушыларға кезек күту түрінде уақыт шығындарын жоюға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияның таралу қаупі жоғары болған жағдайда, алдын-ала брондау мүмкіндігі қызмет алушылардың ағынын реттеуге, сервис орталықтарында кезектердің пайда болуына жол бермейді.
Онлайн брондау «e-Salyq mobile» мобильді қосымшасының «Электрондық қызметтер» бөлімінде, сондай-ақ Комитеттің порталында қол жетімді.