
9 айдың қорытындысы бойынша БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті негізгі қарызды 364,7 млн. теңге төлеген 968 салық төлеушіге қатысты 138,6 млн. теңге сомасында өсімпұл есептен шығарды.
БҚО-да 1 901 орта және шағын бизнес субъектісі рақымшылық жасауда.
Есептен шығаруға жататын өсімпұлдардың жалпы сомасы 1 554,3 млн.теңгені, айыппұлдар – 175,0 млн.теңгені құрайды, олар 3 244,5 млн. теңге мөлшерінде негізгі борыш төленген жағдайда есептен шығарылады.
2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша негізгі борышты 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін өтеу шартымен шағын және орта бизнеске өсімақылар мен айыппұлдарды есептен шығару көзделген.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап салықтық рақымшылық жасауға жататын тұлғалар шеңбері кеңейтілді:
- тексеру актісі бойынша есептелген сомалар шағымдану сатысында болуына байланысты 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша бересі жоқ салық төлеушілер;
- 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша бересі жоқ салық төлеушілер;
- алдыңғы салық кезеңдері үшін салық есептілігінің қосымша нысанын ұсынуға байланысты және салық есептілігінің қосымша нысаны бойынша есептелген соманы төлеу кезінде бересі 2018 жылдың 1 қазанынан кейін құрылған салық төлеушілер.
БҚО бойынша МКД