Жарияланған күні: 08.06.2018 10:26
Өзгертілген күні: 08.06.2018 10:27

Аталған проблеманы шешу үшін сот өкілдері прокуратура, мемлекеттік кірістер органдары мен жергілікті полиция қызметінің әрекет етуімен ҚР ӘҚБК-нің 669 бабымен айыппұлдан жалтарған тұлғаларды анықтап, оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша «айлық» ұйымдастырды.

ҚР ӘҚБК-нің 893 бабына сәйкес  айыппұлды әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға айыппұл салу туралы қаулы заңды күшіне енген күннен бастап отыз тәуліктен кешіктірмей төлеуге тиіс.

ҚР ӘҚБК-нің 894 бабы 4 бөлігіне және 895 бабы 1 бөлігі 2 абзацына  сәйкес  мемлекеттік кіріс органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша салық салу саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттік кіріс органдары орындайды.

2017.25.12 Салық кодексінің 1 бабы, 1 тармағы, 61 тармақшасымен  салық берешегі - бересі сомасы, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдардың төленбеген сомасы деп белгіленген.

            Салық салу саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар істері бойынша айыппұлдарды өндіру кезінде мемлекеттік кірістер органдары мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады.

Салық кодексінің 116 бабы бойынша салық төлеушінің белгіленген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындау мынадай:

  1. салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
  2. салық төлеушінің (салық агентінің) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
  3. салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билік етуін шектеу.

Сондай-ақ Салық Кодексінің 121 бабы 3 тармағына сәйкес Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу мынадай тәртіппен:

1) банк шоттарындағы ақша есебінен;

2) дебиторлар шоттарынан;

3) билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен;

4) жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару түрінде жүргiзiледi.

БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті өз еркімен айыппұлдарды төлемеген борышкерлер туралы мәліметтері жинақталған әкімшілік айыппұлдар бойынша борышкерлер туралы деректер базасын қалыптастырады. Сонымен қатар БҚО әділет департаментінің деректер базасынан сот шешімі бойынша шетелге шығуға, лицензиялар мен рұқсаттар беруге шектеу қойылған қасақана төлемеушілер туралы деректер алынады. Азаматтың осы есепте тұру-тұрмауы туралы құқықтық статистика және арнайы есептер Комитетінің сайтынан білуге болады.

Осы жерден әкімшілік айыппұлдар бойынша берешектің бар-жоғы туралы ақпарат алып, нақты уақыт тәртіптемесінде оны төлеуге болады.

Ол үшін «Ақпараттық сервис» бөлігіне кіріп, «Айппұлыңыз туралы біліңіз» терезесін таңдауыңыз және дербес деректеріңізді, ИЖН-ді және куәлік нөмірін толтыруыңыз қажет. Өзіңізге қатысты орталықтандырылған деректер базасында осындай берешектің болғандығы туралы мәліметтер болған кезде олар экраннан көрінеді. «Төлеу» терезесін шертіп, электронды Үкімет порталының төлем шлюзінне көшесіз және екінші деңгейдегі банктің төлем картасынан төлемақы жасайсыз.

 

БҚО бойынша МКД