
БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ағымдағы жылдың ішінде 93 тексеру іс-шараларын өткізді, нәтижесінде 98 479 бөтелке алкоголь өнімінің заңсыз айналымы анықталды.
Мұндай іс-шаралар барысында есепке алу-бақылау маркаларының және алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, лицензияның болуы тексеріледі.
Алкоголь өнімінің заңсыз айналымы саласында жасалған қылмыстар экономикаға ғана емес, адамның денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді.
Осы құқық бұзушылықтардың қоғамдық қауіптілігін ескере отырып, осы бағыттағы жұмыс жалғасуда, осыған байланысты кәсіпкерлік субъектілеріне заңсыз қызметті одан әрі жүзеге асыру немесе лицензия алу және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асыру туралы ойлану қажет.
Сонымен қатар, Департамент мұнай өнімдері мен темекі өнімдерінің заңсыз айналымы саласында да белсенді жұмыс жүргізуде, аталған кезеңде заңнаманы бұза отырып 20 160 қорап темекі және ілеспе құжатсыз 3 тонна мұнай өнімдері анықталды.
Акцизделетін тауарлардың заңсыз айналымы саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер үшін БҚО кәсіпкерлері 7 135,4 мың теңге көлемінде айыппұл салуға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.