
Мемлекеттік органдар арасындағы спартакиада жеңімпаздарын марапаттауға арналған салтанатты іс-шара облыстық мәслихат залында өтті. Спортшыларды облыс әкімі Ғали Есқалиев құттықтады.
- Барлық әріптестерімізді спартакиаданың аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын, мықты денсаулық, игілік, мемлекеттілігімізді нығайту үшін кәсіби өсуді тілеймін. Облыстың мемлекеттік қызметкерлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісі атағын жоғары абыроймен атқаратынына сенімдімін, - деді облыс әкімі.
Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері 2019 жылы 19-20 маусымда қаланың спорт алаңдарында 6 спорт түрі: волейбол, гір спорты, дойбы, мини-футбол, үстел теннисі және тоғыз құмалақ бойынша өткен мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиадаға белсенді қатысты.
Спорттық іс-шараның қорытындысы бойынша БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері 2 орын алды. Облыс әкімі команданы дипломмен және жүлделі кубокпен марапаттады