Жарияланған күні: 11.10.2018 17:45
Өзгертілген күні: 11.10.2018 17:47

Бүгін, үстіміздегі жылдың 10 қазанында БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті алаңында БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшылығы мен Техникалық реттеу және метрология комитетінің БҚО бойынша Департаменті басшылығы арасында техникалық реттеу мәселелерін талдау бойынша жұмыс кездесуі оздырылды.

Кездесуде әкелінетін тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерімен анықталған талаптарға сай екендігін растау мәселесі талданды.

Кездесу нәтижесінде, Батыс Қазақстан облысы аумағына әкелінетін және сатылатын қауіпті және сапасыз тауарлардан тұтынушыларды қорғау мақсатында,  БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен Техникалық реттеу және метрология комитетінің БҚО бойынша Департаменті арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

 

БҚО МКД