
Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер депратменті мен Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі істер департаментінің бірлескен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында үлкен көлемде шетелдік темекі өнімдерін тапқан болатын.
Орал және Ақсай қалаларында орналасқан қоймаларда акциздік маркасыз және Қазақстан мемлекетіне кіру заңдылығын растайтын құжаттарсыз темекі өнімдері сақталған.
Сонымен қатар, сүйемелдейтін құжаттарында «су-дисперсиялық бояғыш заттар»ретінде, Россия Федерациясына темекі өнімдерін таситын 3 ауыр жүк таситын автокөліктер ұсталған.
Атаулары әр-түрлі, барлығы 14 млн. қорапта темекі өнімдерін тәркілеген.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 214 бабы, 1 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Сонымен қатар, тергеу амалдарын жүргізу барысында, 4,8 млрд. теңге көлеміндегі аталған заңсыз өнімдерді «Морпорт Ақтау» кеден бекеті арқылы жалған құжаттар мен жалған ақпараттар енгізілген декларациялармен тасымалдау жүзеге асырылған.
Қазіргі таңда БҚО бойынша МКД-мен ҚР ҚК 234 бабы, 3 тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
БҚО бойынша МКД